💛 Жылы жүрек – жылы киім 💛 қайырымдылық акциясы
🇰🇿25 қазан – Республика күні мерекесіне орай 25 игі іс шарасы аясында “Жылы жүрек-жылы киім” акциясы ұйымдастырылды. Мектебімізде дәстүрге айналған қайырымдылық акциясының мақсаты – көмекке мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қыс мезгілінде жылы киіммен қолдау көрсету. Акцияға ат салысқан мектепалды даярлық “Б” тобының ата-аналары, тәрбиешісі Л.М.Тулековаға және “Күзгі асар” жәрмеңкесіне белсене қатысқан 15 класс оқушылары мен ата-аналарына және класс жетекшілеріне алғыс білдіреміз. Кішкентай ғана мейірім – бір адамның өмірін жылыта алады! Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын! ✨
@mugalzhar_bilim_bolimi
