Skip to content

🎉 Жүлделі орын иелері! 🎉 2024-2025 оқу жылында аудандық жалпы…

🎉 Жүлделі орын иелері! 🎉

2024-2025 оқу жылында аудандық жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілген «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы аясындағы «Шұбар доп» волейбол жарысында 7-8 сынып қыздар командасы жүлделі орынға ие болды! 🏐

Жарыстың қорытындысы бойынша 3-орын жеңімпазы атанған 3 мектеп-гимназия қыздар командасы өздерінің спорттағы күш-жігерін көрсетіп, зор табысқа жетті. Бұл жеңіс – оқушыларымыздың тынымсыз еңбегінің, командалық рухтың және жеңіске деген ұмтылыстарының жемісі!

Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға, ең алдымен, жеңіске жеткен командаларға шексіз алғысымызды білдіреміз! Бұл жетістіктерге тек қана спортта емес, білім алуда да жаңа биіктерге жету үшін ынталандыру болары сөзсіз!

Жаттықтырушы: Алихан Мейірбек

#ҰлттықМектепЛигасы #ВолейболЖарысы #ҚарДоп #Жеңіс #МектепГимназия #Спорт #Оқушылар #білімжәнеспорт

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *