ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ💐
2023 жылдың 27 қазан күні мектеп-гимназияның акт залында 1-тоқсан бойынша "Дарын" бағытындағы іс-шараларға қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімі "Кемел келешек кілті – білімде" атты тақырыпта ұйымдастырылды. Шараға ата-аналар, ұстаздар мен марапатталатын оқушылар арнайы шақырылды. Шара барысында ән айтылып, тілектер жолданды. Дарынды оқушыларымыздың саны арта берсін дегіміз келеді.
@mugalzhar_bilim_bolimi