ЖББ Қарақұдық мектебінде 18.04.25жыл күні 4-9 сыныптарда "Суды үнемде – болашақты сақта" атты ауқымды жоба аясында «Су – тіршілік көзі», «Суды үнемдеу жолдары», «Судың да сұрауы бар» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасында аталатын "үнемді тұтыну" бойынша үнемі сынып сағатында, тәлім сәтінде, жиналыстарда қосымша үнемді тұтыну, әр тіршілік көзінің қадір-қасиетін түсіну бойынша ақпараттар айтылады.
Қазақ халқының мақалы "судың да сұрауы бар" дегенді жас ұрпаққа білім беру ұйымындағы педагогтер және үйдегі ата-аналар үнемі айтып отыру керек. Сонда ғана табиғат ана ұзақ жасап, жаңара бермек.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
#судыүнемдеу