Skip to content

“Жас Қыран” ұйымы. “Телефонның пайдасы мен зияны” Бүгінгі заманның технологиялары…

"Жас Қыран" ұйымы.
"Телефонның пайдасы мен зияны"
Бүгінгі заманның технологиялары өте қарқынды дамуда. Соның ішінде ұялы телефондар адамзат өмірін оңтайландыруда игі көрсеткіштерге ие. Алайда олардың пайдасымен қатар зияны бар екендігін ұмытпаған жөн.
Осы өзекті мәселе аясында мектебіміздің " Жас Қыран" ұйымы жоспарына сәйкес "Телефонның пайдасы мен зияны" тақырыбында пікірталас дөңгелек үстелі өткізілді.
2 " Ә" класынан жасақталған "Жас Қыран" ұйымының мүшелері екі жақты пікірлерімен ой бөлісті.
Бұл ұйымдастырылған шараға ата-ана Меруерт Жаңабайқызы мен кітапхана қызметкері Транова Гүлжанат төреші болды.
Пікірталас өте жоғары деңгейде өтті деп баға берді.
Тәлімгер: Толекова Л.М
Кітапхана қызметкері: Емжарова Ж.
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *