🎄ЖАҢА ЖЫЛ 2024🎄
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Мұғалжар ауданы әкімінің шыршасы Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясында өтті. 90-ға жуық оқушылар қатысқан шарада аудан әкімі Ермағанбетов Дархан Жанысханұлы қатысушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, табыстар тіледі. Шырайлы жүздерінен қуаныш сезілген оқушылар шыршаны айнала би билеп, ән шырқап, театрландырылған қойылым тамашалады. Мерекелік шараға арнайы шақырылған дарынды, өнерлі және ерекше балаларға аудан әкімі сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады.
@mugalzhar_bilim_bolimi
@mugaljar_aydanynyn_akimdigi
@aqtobe_bilim_basqarmasy
