"ЖАҢА ӨМІР СЫЙЛАЙЫҚ!"
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Аналар" мектебінің мүшелері "Жаңа өмір сыйлайық" акциясына белсене қатысты. Мақсаты: табиғи қалдық материалдар мен заттардан бұйымдар жасау, экологиялық тұрғыдан табиғат жанашырлары болуға атсалысу, "Аналар" мектебінің жұмысын жандандыру.
Бұл шараға қатысқан аналар өздерінің жасап әкелген бұйымдарын таныстырды. Шара соңында Аналар номинациялар бойынша марапатталды.
Ұйымдастырушылар: МАД тәрбиешілері.
@mugalzhar_bilim_bolimi
#біртұтастәрбиеақтөбеоблысы
