Skip to content

📚✨ Жаңа оқу жылы – жаңа белестерге бастар жол! ✨📚…

📚✨ Жаңа оқу жылы – жаңа белестерге бастар жол! ✨📚

2025 жылдың 2-қыркүйек күні 5 «В» сыныбында алғашқы тәрбие сағаты өтті. «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбындағы бұл ерекше сабақта оқушылар жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алып, сыныптастарымен және сынып жетекшісімен танысты. 👩‍🏫💫

📌 Сабақ барысы:
🔹 Мемлекеттік Әнұранмен бастау
🔹 Танысу сәті – жаңа достықтың алғашқы қадамы
🔹 «Мектебім – мейірім мекені» атты анкета толтыру
🔹 Жазғы демалыс туралы әсерлермен бөлісу
🔹 Жаңа оқу жылына арналған тілектер
🔹 Қауіпсіздік сабағы: «Төтенше номерлер» туралы мағлұмат беру 🚨

Бұл күн оқушылардың есінде жылы көңілмен, жарқын естелік ретінде сақталары сөзсіз. Жаңа оқу жылы бәрімізге табыс пен шабыт әкелсін! 🍀📖

✨ Сынып жетекшісі: Мукушева Ғайша Нұрланқызы

@mugalzhar_bilim_bolimi

#МектебімМейірімМекені #ТәрбиеСағаты #ЖаңаОқуЖылы #ТөтеншеНомерлер #БалаларҚауіпсіздігі #БілімКүні #мектеп2025

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *