Skip to content

ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясында жалпы ата-аналар…

ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Мұғалжар аудандық ПБ-нің бастығының орынбасары Ж.Утепов,Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Қалмұхаш және Мұғалжар аудандық ТЖБ-нің аға анықтаушысымен Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің әдіскері А.Ахметова қатысты.
Жиналыс барысында мектеп-гимназия директоры Д.Ибрашева өткен оқу жылында жүргізілген бірқатар жұмыстарға тоқталып, қорытынды емтихандармен мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиынының өтуі және аттестат табыстау туралы баяндады.
Мұғалжар аудандық ПБ-нің бастығының орынбасары Ж.Утепов оқушылардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы сонымен қатар 19-31 мамыр аралығында өтіп жатқан “Жасөспірім” республикалық акция туралы түсіндірме жұмыстарын жасалып, Колледж әдіскері тарапынан 9 класс бітірушы оқушылардың ата-аналарға кәсіби-бағдар ретінде ақпарат берілді. Жиын соңында таныс емес жерлерде суға түспеуді,демалыс кезінде балаларды көзден таса етпей, қадағалаусыз қалдырмауды,жағажайларда арнайы белгілерден шықпауды,тыйым салынған жерлерде суға түспеуді,
оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Мұғалжар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ата-аналарға қатаң түрде ескертті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *