ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Мұғалжар аудандық білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мониторинг тобы оқу жылының басталуына байланысты мектептерді аралау, бақылау жұмыстарын жүргізді.
11 қыркүйек күні Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Шарипов Медет Жалғасұлы мектеп тынысымен танысып, сыныптарды аралады. Бақылау барысында мектептің ішкі-сыртқы жағдайы,оқушылардың жаңа оқу жылындағы қатысымы, сабаққа келуі, тасымалдың ұйымдастырылуы,ыстық тамақпен қамтылуы, кітаптардың жеткілікті болуы, сыныптардың жаңа оқу жылына дайындығы, оқу-әдістемелік жұмыстардың, тәрбие бағыты бойынша жұмыстар тексерілді.
📚 Бұл жұмыс – білім сапасын арттыруға, оқу үдерісін жүйелі ұйымдастыруға жасалған тағы бір қадам деп білеміз.
@mugalzhar_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy
