Skip to content

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында…

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған жиналыс өтті.

Жиналыстың негізгі мақсаты оқушыларға құқықтық сауаттылықты түсіндіру, құқықбұзушылықтың салдары жөнінде түсінік беру және дұрыс мінез қалыптастыру.

Жиналысқа арнайы Мұғалжар АПБ ҚҚБ ЮПТ аға УПИ, полиция майоры Мұратбек Темірұлы Дүйсембаев ,Мұғалжар ауданы ПБ ЖПҚб учаскелік полиция инспекторы көмекшісі, полиция капитаны E.Нұралы, Мұғалжар АПБ ҚҚБ аға УПИ полиция майоры Рамазан Русланұлы Бердіғожаев қатысты Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің қатысып жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары негізінде атқарылға жұмыстар, және заңнамалық қағидалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігі мен тәртібіне басты назар аударып балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Екі күн ішінде полиция бөліміне 30 астам кәмелетке толмағандар ата анасының қарауынсыз белгіленген уақыттардан тыс уақытта жүргені анықталып жеткізілгендігі туралы хабарлаймыз.

@mugaljar_aydanynyn_akimdigi
@mugalzhar_bilim_bolimi
@polisia_mugaljar
@qandyagash_akimdigi
@bahraman_quanyshuly

#заңжәнетәртіп #құқықбұзушылықтыңалдыналу

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *