Ұстаздар күніне орай “Дублер күні” мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті. Дублер күніне үміткерлер іріктеліп алынып, нұсқаулықпен таныстырылды. Дублер күнінің штаттық кестесі бекітіліп, оған 5-11 сынып оқушылары қатысты. Мұғалімдер рөлінде 10-11 сынып оқушылары болды. Ұстаздар ішкі тәртіп ережелерін сақтай отырып, бақылаушы ретінде қатысты. Дублер күнінің мақсаты – мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
@mugalzhar_bilim_bolimi