Skip to content

✨ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ-МЕКТЕП МӘРТЕБЕСІ✨ 📚2025 жылдың 11 сәуір күні Орал қаласында…

✨ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ-МЕКТЕП МӘРТЕБЕСІ✨
📚2025 жылдың 11 сәуір күні Орал қаласында “Педагогтердің кәсіби қауымдастығы: ауыл мектептерінің табысты дамуы үшін ынтымақтастық” ІХ аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Бағдарламаға сәйкес мұғалімдерді өздерінің педагогикалық тәжірибесін зерттеуге тарту арқылы оқыту сапасын арттыру бағытында Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі Кабакбаева Ляззат Николаевна мен “Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы” КММ информатика пәні мұғалімі Тулеуова Асем Ерлановна серіктестік алаңында Lesson Study аясында зерттеу жұмыстарына таныстырылым жасады. Бұл біздің педагогтерге үздіксіз кәсіби даму және өзара тәжірибе алмасу арқылы өзгерістердің көшбасшысы болуға үлкен мүмкіндік деп білеміз.
@mugalzhar_bilim_bolimi @nis_aqtobe

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *