Skip to content

“ҰСТАЗ АТЫ – БИІК, ӘРІ МӘҢГІЛІК” ЖАС МАМАНДАР ҚҰТТЫҚТАУЫ. Құрметті…

“ҰСТАЗ АТЫ – БИІК, ӘРІ МӘҢГІЛІК” ЖАС МАМАНДАР ҚҰТТЫҚТАУЫ.

Құрметті ұстаздар, ардақты әріптестер!
Бүгінгі қуанышты сәтте біз – жас мамандар, өзіміздің атамыздай ардақты, апамыздай қадірлі үлкен буынға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Біз үшін мектеп табалдырығын ұстаз болып аттау – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік.

Білім мен тәрбиенің биік шыңына жету жолында сіздердің ақыл-кеңестеріңізге, өмірлік тәжірибелеріңізге сүйенеміз. Бізге сенім артып, қолдау көрсеткендеріңізге алғыс айтамыз.Алдағы уақытта осы сенімді ақтап, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етуге уәде береміз.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

@mugalzhar_bilim_bolimi
@bahraman_quanyshuly
@danaibrasheva

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *