Skip to content

“ҰСТАЗ АТЫ БИІК, ӘРІ МӘҢГІЛІК” Қандыағаш қаласы №3 мектеп -…

“ҰСТАЗ АТЫ БИІК, ӘРІ МӘҢГІЛІК”

Қандыағаш қаласы №3 мектеп – гимназиясында Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді.
Шараның мақсаты – ұстаздардың еңбегін дәріптеу, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру, жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қажырлы қызметін бағалау.

Концерттік бағдарламаға мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы, оқушылар қатысты. Бағдарлама барысында оқушылар ұстаздарына арнап әндер шырқап, өлеңдер оқып, би билеп, сахналық қойылымдар көрсетті. Әсіресе оқушылардың жүрекжарды тілектері мен шығармашылық өнерлері ұстаздарға үлкен қуаныш сыйлады.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұстаздар қауымына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар бірқатар ұстаздарымыз құрмет грамотасымен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *