“ҰШҚЫН” ЖАС ҰСТАЗДАР КЛУБЫНЫҢ ЖАҢА ТӨРАЙЫМЫ САЙЛАНДЫ!
Мұғалжар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 30 қазан күні №2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектеп базасында “Білімді жастар- ел болашағы” тақырыбындағы жас мамандарға әдістемелік қолдау семинары өтті.
Семинарға аудан мектептерінен 60 жас маман қатысты. Бірінші бөлімінде жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудан мектептерінің педагогтері іс-тәжірибесімен бөлісіп сабақ көрсетті.
Екінші бөлімінде Мұғалжар АББ басшысы Бахраман Қуанышұлымен сұхбат алаңы ұйымдастырылды. Сұхбат алаңы TedX форматында жүргізіліп,жаңа 2024-2025 оқу жылында “Ұшқын” жас ұстаздар клубының Төреайымы ретінде сайланған мектеп-гимназиямыздың Ұйымдастырушы педагогы,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мукушева Ғайша Нұрланқызы жиналған барша жас ұстаздарға таныстырылды.Сонымен қатар ауданнан жиналған барша жас ұстаздарға жас ұстаздар клубының құрылған жылынан бастап атқарған іс-шаралары есеп беру бейнеролигі ретінде көрсетілді.
