Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай ағымдағы жылдың 19 наурыз күні мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен наурызнама жоспарына сәйкес “Әжемнің ұршығы” атты әжелер сайысы мектеп оқушыларының әжелері арасында өткізілді. “Асыл дария” ансамбльінің әжелері әуезді әнмен сайысты ашып берді. Әділқазылар құрамында ансамбль жетекшісі Нұрлыгүл Смадиярқызы,Мұғалжар аудандық аналар комитетінің төрайымы Жұмагүл Мақсат қызы және Аудандық орталық кітапханасының меңгерушісі Алтынай Әлімбайқызы төрелік етті. Сайыс төрт кезеңнен құралды. Әжелеріміз ұршық иіріп, өз қолдарымен жасаған қазақы дәмдерін таныстырды. Нәтижесінде әжелеріміз “Бас жүлде” және 1,2,3 орындармен марапатталды.
Мақсаты: Үлкенді сыйлауға, әже мен немере арасындағы сыйластықты, сүйіспеншілікті арттыруға, халқымыздың игі дәстүрлерінің қадірін біліп бағалауға тәрбиелеу.
#оқуғақұштармектеп2025
#біртұтас_тәрбие
@medetbekovameruert
@oqu_agartu_ministrligi
@qani.beisembayev
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@mugalzhar_bilim_bolimi