ҰЛТЫМЫЗ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ҰЛЫҚТАЙДЫ. Биылғы жылдың Наурызнамасы бүгінгі күнін қайырымдылыққа арнады. Қайырымдылық- адам баласының бойынан табылуы тиіс қасиеттердің тек біреуі ғана, ізгі ниеттерімен мектеп гимназия ұжымы және оқушылары осы күнге өз үлестерін қоса білді. Мереке күні «Мұғалжар ауданындағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және Мұғалжар аудандық ауруханасының балалар бөлімінде ем алып жатқан балаларға сыйлықтар табыстап, қуанышқа бөледі. Мекеме қызметкерлері мен ата аналары ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтуда.
@mugalzhar_bilim_bolimi
