Түнгі рейд – тыныштықтың кепілі!
Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен білім алушылардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүруі қылмыстылықтың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 19 қараша күні №3 мектеп-гимназиясының ер мұғалімдері тарапынан ерікті түрде түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.
Түнгі рейдке Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскері Жандосов Жалғас, Мұғалжар ауданы ПБ ЖПҚб УПИ көмекшісі полиция капитаны Нұралы Ералы Нұралыұлы, №3 мектеп-гимназиясының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Отаралин Райымбек пен Болат Аслан жастар жиі шоғырланатын ойын-сауық орталықтарын аралап, қатаң бақылау жасады.
Рейд барысында жасөспірімдердің құқықбұзушылық және басқа да келеңсіз жайттар орын алған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
@mugalzhar_bilim_bolimi
@polisia_mugaljar




