Түнгі рейд – тыныштықтың кепілі
Ағымдағы жылдың 21 сәуір 1 мамыр аралығында оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен білім алушылардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүруі қылмыстылықтың алдын алу мақсатындағы 10 күндігі және республика көлемінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізіліп жатырған “Жасөспірім” акциясы аясында №3 мектеп-гимназиясы түнгі рейд жұмыстарын ұйымдастырды.
Түнгі рейдке директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Р.Отаралин мен А.Болат, Мұғалжар ауданы ПБ ЖПҚБ УПИ полиция аға лейтенанты Б.А.Қаленов және мектеп-гимназиясының ер мұғалімдері Достық мөлтек ауданындағы көшелерді, жастар жиі шоғырланатын ойын-сауық орталықтарымен дүкендерді аралап, қатаң бақылау жасады.
Рейд барысында жасөспірімдердің құқықбұзушылық және басқа да келеңсіз жайттар орын алған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.