ТҮНГІ РЕЙД ТЫНЫШТЫҚ КЕПІЛІ…
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен білім алушылардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүруі сонымен қатар қылмыстылықтың алдын алу мақсатында №3 мектеп-гимназиясы түнгі рейд жұмыстарын ұйымдастырды.
Түнгі рейдке Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп-гимназия директоры Д.Ибрашева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Р.Отаралин, Ж.Ахметбекова, әлеуметтік педагог Г.Дуйсенгали,БЖСМ-нің әдіскері Ж.Қалабай және мектеп-гимназия ата-аналары, мектеп инспекторы Е.Нұралы қолайсыз отбасы есебінде тұрған отбасыларға, Достық мөлтек ауданындағы көшелерді, жастар жиі шоғырланатын ойын-сауық орталықтарымен дүкендерді аралап, қатаң бақылау жасады.
Рейд барысында жасөспірімдердің құқықбұзушылық және басқа да келеңсіз жайттар орын алған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@k.bulbul78
@mugalzhar_bilim_bolimi
@bahraman_quanyshuly
@danaibrasheva







