ТҮНГІ РЕЙД!!!
2024 жылдың 25 қараша күні Қандыағаш қаласында түнгі беймезгіл уақытта ата-анасыз немесе заңды өкілінсіз жүрген кәмелет жасқа толмаған білім алушыларға рейд жұмыстары жүргізілді.
Түнгі рейдке Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Байтақова Гүлнұр мен Жандосов Жалғас және №3 мектеп-гимназиясының директоры Ибрашева Данагүл , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Отаралин Райымбек пен Болат Аслан жастар жиі шоғырланатын ойын-сауық орталықтарын аралап, қатаң бақылау жасады.
Рейд барысында жасөспірімдердің құқықбұзушылық және басқа да келеңсіз жайттар орын алған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
@mugalzhar_bilim_bolimi
@polisia_mugaljar




