«ТҰҒЫРЫ БИІК – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН»
Ағымдағы жылдың 19 қазан күні "25 қазан – Республика күні” -қарсаңында серіктес мектеп ретінде Қандыағаш қаласының №2 ЖББОМ және №3 мектеп-гимназиясынының «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері арасында пікірсайыс өткен болатын.Пікірсайыс АПФ (Американдық Парламенттік Форматта) өткізілді,ойынға «Парасат» және «Алаш» фракциясы қатысқан болатын.Төрешілер шешімі бойынша «Үздік спикер» номинациясына №2 ЖББОМ спикері Есен Дильяра ие болды,ал №3 мектеп-гимназиясының «Алаш» фракциясы жеңіске жетті.Тартысты ойында спикерлер берілген қарар Б.П «Қазақстанның болашағын сеніп тапсыратын тұлғасын анықтайды» тақырыбында ой қозғап,өз пікірлерін еркін жеткізе біліп,өзара тәжірибе алмасқан болатын.Пікірсайысқа қатысушылар мен төрешілерге алғыс сөз бен марапат қағаздарын табыстау үшін мектеп-гимназия басшысы Ибрашева Д.Д жабылу салтанатында құттықтау сөзін айтқан болатын.Алдағы уақытта серіктес мектептердің оқушыларының , өзара қарым-қатынасын нығайту мақсатында,жаңа форматта түрлі додалар өткізу жоспарлануда.
Іс-шара ұйымдастырушылары: №3 мектеп-гимназиясының Аға Тәлімгері Мукушева Г.Н.
№2 ЖББОМ Аға Тәлімгері Амангелді А.Д.
№2 ЖББОМ ҚББП Гульмаржан Сабитовна
#РеспубликакүніАқтөбе2023
@mugalzhar_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy