Skip to content

“ТІРЕК МЕКТЕП ПЕН БЕКІТІЛГЕН МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУДІҢ ФОРМАТТАРЫ:…

“ТІРЕК МЕКТЕП ПЕН БЕКІТІЛГЕН МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУДІҢ ФОРМАТТАРЫ: БІРЛЕСІП ЖОСПАРЛАЙМЫЗ” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР

11.12 күні облыстық вебинарда Қандыағаш қаласы №3 мектеп – гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Ибраева Гульмира Сакеновна “Химия сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру” тақырыбында өз іс тәжірибесімен бөлісті.

Мұғалім өз тәжірибесінде химия пәнінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар ұйымдастырды. Сабақ барысында оқушылардың сыни ойлау, болжам жасау, эксперимент жүргізу, нәтижені талдау және қорытынды шығару қабілеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.

Бұл іс-тәжірибе нәтижесінде оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, зерттеу жұмыстарына бейімділігі күшейді. Оқушылар өз бетінше тәжірибе жүргізу, тәжірибе нәтижелерін кесте, график, қорытынды түрінде рәсімдеу дағдыларын меңгерді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *