📚 «Тілім менің – ғасырларға аманат» апталығының салтанатты ашылуы 🇰🇿✨
2025 жылдың 13 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты апталық өз шымылдығын түрді.
Апталықтың ашылу салтанаты мектебіміздің өнерпаз оқушыларымен басталып, жүрекке жылы әсер қалдырды. 🎶
Шара шымылдығын жас домбырашылар ансамблі «Балбырауын» күйімен ашты (жетекшісі – Светлана Аманжолқызы Акмалаева).
🎤 Ашылу сөзімен директордың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Әсел Зейноллаевна Абитова құттықтап, апталықтың маңыздылығын атап өтті.
🤖 Ерекше сәттердің бірі – робот көмекшінің ортаға шығып, ана тілімізге арналған жүрекжарды тілегін білдіруі болды. Бұл көрініс көрермендерді таңғалдырды, әрі жас ұрпақтың технология мен ұлттық құндылықтарды қатар ұлықтап жүргенін көрсетті.
✨ Іс-шара барысында:
🔹 9 «Б» сынып оқушылары ана тілімізге арналған ән мен жырдан шашу шашып,
🔹 Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе – телефонға тәуелділік тақырыбында әсерлі қойылым қойып, ой салды.
🔹 Аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазы Дәуірбек Әбілмансұр «Секіртпе» күйін нақышына келтіре орындап, кештің көркін аша түсті.
📌 Апталықтың мақсаты – жас ұрпақтың бойына тілге деген құрметті, ұлттық рухты, мәдени мұраға деген сүйіспеншілікті дарыту, ана тіліміздің қадір-қасиетін арттыру.
@mugalzhar_bilim_bolimi
#ТілімМеніңҒасырларғаАманат
#ҚазақТіліАпталығы
#ҰлттықМұра
#АнаТілім
#МектепӨмірі
#ДомбыраКүні
#ӨнерліӨрендер
#РоботКөмекші
#цифрлыболашақ
