Skip to content

🎭 “Театрдың ғажайып әлемі” — біздің оқушылардың жарқын жеңісі! 🏆…

🎭 “Театрдың ғажайып әлемі” — біздің оқушылардың жарқын жеңісі! 🏆
28 сәуір күні Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен аймақтық театр фестиваль-байқауында мектебіміздің талантты оқушылары 9 команда арасынан суырылып шығып, жүлделі III орынға ие болды! 🥉

🎬 Байқау «Біртұтас тәрбие бағдарламасы», «Шабыт» және «Балалар және театр» жобалары аясында ұйымдастырылып, Мұғалжар ауданының мектеп театр ұжымдары бас қосты.
Біздің жас өнерпаздар Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” шығармасын ерекше мюзикл түрінде сахналап, көрермендердің жүрегін жаулап алды. 💫

Бұл жеңіс — оқушылардың еңбегі мен шығармашылығының, сондай-ақ жетекшісі Мукушева Гайша Нурлановнаның қажырлы еңбегінің нәтижесі! 👏

@mugalzhar_bilim_bolimi
@n1_kandyagashkalalyk_zhbbom

Жарайсыңдар, өнерлі оқушылар! Алға, тек алға! 🚀
#МеніңАтымҚожа #ТеатрФестивалі #Шабыт2025 #МектепӨнері #ЖасӨнерпаздар #ТеатрӘлемі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *