Skip to content

🕊️ТӘУЕЛСІЗДІК – ТАРИХТЫҢ ЖАҢА ПАРАҒЫ🇰🇿 Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік…

🕊️ТӘУЕЛСІЗДІК – ТАРИХТЫҢ ЖАҢА ПАРАҒЫ🇰🇿

Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбиелік мәні жоғары патриоттық концерт өтті. Мерекелік іс-шараға ұстаздар мен оқушылар толық қатысып, еліміздің Тәуелсіздігін құттықтап, оның тарихи маңызын айқындайтын көріністер мен шығармашылық номерлерді тамашалады.

Концерттің басты мақсаты – тәуелсіздіктің қадірін түсініп, оны сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету. Шара барысында оқушылар мен жас өнерпаздар еліміздің еркіндігі үшін күрескен бабаларымызға арналған әндер мен өлеңдер орындап, «Тәуелсіздік тұғыры» атты сахналық көрініс көрсетті.

Оқушылар тәуелсіздік жолында өшпес із қалдырған тарихи сәттерді дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын, бірлік пен татулықтың маңызын ерекше атап өтті.

Мектебімізде өткізілген бұл концерт Тәуелсіздік күнін ұлықтауға және жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыруға зор ықпал етті. Біз, әрқайсымыз, тәуелсіздіктің қадірін біліп, Қазақстанымызды гүлдендіруге өз үлесімізді қосамыз деген сеніммен концерт өз мәресіне жетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *