Skip to content

ТӘРБИЕ САҒАТЫ «Қандыағаш қаласы №3 мектеп – гимназиясы» КММ-нің 7…

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

«Қандыағаш қаласы №3 мектеп – гимназиясы» КММ-нің 7 «В» сыныбында 2023 жылдың 4 желтоқсан күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» басшылыққа ала отырып,«Ар-ұят» құндылығы негізінде «Шәкәрім өсиеті-адалдық айнасы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа , сөзіне берік,ісіне адал болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында білім алушыларға Ш.Құдайбердіұлы туралы кең көлемде мәлімет берілді. Тақырыпқа сай сабақ көрсетілімі,бейнебаян көрсетілді,тапсырмалар орындалды.Ақынның өмірбаяны туралы сұрақтар қойылып,өлеңдеріне талдау жасалды.Абайдың өлеңдерімен салыстыра отырып,ақын шығармаларында жастарды адамгершілікке,адалдыққа,арлы болуға,өнер-білімге шақырғаны туралы айтылды.Адамның жақсы және жаман қасиеттеріне талдау жасалып, «Ақ жолдан айнымай» адал болу керектігі түсіндірілді.
Сабақ соңында білім алушылармен сабақ барысы туралы кері байланыс жасалды.
Сынып жетекшісі : Абдреймова М.С
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *