Суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз
Мұғалжар ауданы бойынша тек бір ғана суға шомылу орны белгіленге, ол Ақкемер ауылындағы жеке жағажай.
Облыс бойынша суға батып кету оқиғалары орын алуда. Осыған орай, аудан тұрғындарын жазғы мезгілде суға шомылудың барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақыра отырып, балаларға суға шомылу барысында өздерін қалай ұстау қажеттігін ескертіп, ата-ананың қарауынсыз қалдырмауларыңызды өтінеміз!
Суға шомылу маусымы кезінде көбінесе жазғы каникулда ойнап жүрген балалар ата-ананың қарауынсыз қалып, қайғылы оқиғаларға ұшырап жатады. Бала суда ойнап отырған жер жағалауға жақын болса да, оны жалғыз өзін ойнауға жібермеу қажет. Қайғылы жағдай тез және сіздің көзіңізше болуы мүмкін. Балаларға тек қана ересектердің бақылауымен, арнайы рұқсат етілген суға түсу орындарында ғана шомылуға рұқсат етіледі.
ШОМЫЛҒАНДА СУДА НЕНІ ЖАСАМАУ КЕРЕК:
• Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз!
• Тыйым салынған жерде шомылмаңыз!
• Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
• Шомылғанда камераларды, доптарды, тақтайларды пайдаланбаңыз (техникалық жағынан жарамсыз, қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдалануға болмайды)!
• Жалған дабыл бермеңіз!
• Өтіп бара жатқан катерлерге, кемелер мен қайықтарға қарай жүзбеңіз!
• Суға көпірлерден, тоғандардан, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден секірмеңіз!
• Таныс емес жерден сүңгімеңіз!
• Ішімдік ішіп суға түспеңіз!
Әдетте, шомылу маусымы 1 маусымнан басталып, 31 тамызда аяқталады. ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының» талаптарына сәйкес, су айдындарының жабдықталмаған учаскелерінде шомылуға рұқсат етілмейді!
Ескерту! Тыйым салынған жерлерде суға түскені үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің 364-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал балалардың ата-аналары тартылатын болады.
Мұғалжар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
@mugalzhar_bilim_bolimi

