Соңғы жылдары балалардың терезеден құлап кету оқиғалары жиілеп кетті. Бұл қайғылы жағдайлардың басты себебі – ата-аналардың сақтық шараларына жеткілікті мән бермеуі. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін төмендегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет:
1. Терезеге тор (решетка) орнатыңыз. Қауіпсіздік торлары баланың терезеден құлап кетуінің алдын алады.
2. Пластик терезелердің бекіткіш құлыптарын пайдаланыңыз. Бұл баланың терезені өз бетінше ашып алуына тосқауыл болады.
3. Балалар жиһаздарын терезе маңына қоймаңыз. Бала орындыққа немесе диванға шығып, терезеге оңай жетуі мүмкін.
4. Масаларға арналған торлар қауіпсіздік үшін арналмағанын ұмытпаңыз. Олар баланың салмағын көтере алмайды.
5. Баланың терезе маңында жалғыз қалуына жол бермеңіз. Әсіресе жаз мезгілінде терезе ашық тұратын сәттерде аса мұқият болу керек.
6. Балалармен қауіпсіздік туралы сөйлесіңіз. Терезенің қауіпті екенін түсіндіру де маңызды.
Ата-аналар мен қамқоршылардың қырағылығы мен қарапайым сақтық шаралары – баланың өмірін сақтап қалудың негізгі кепілі. Қауіпсіздік – әр отбасының басты бағдары болуы тиіс.