Сәуір айының 21-і күні мектеп "Буллингтен қорғану, себепсіз сабақтан қалу жағдайларын болдырмау, зорлық-зомбылық көрсету" алдын алу шаралары негізінде құзырлы орган өкілі инспекторы, аға лейтенант Құттымұратов Ермағанбет мырза сынып сағаттарына қатысып шықты. Дүйсенбі күнгі 2-кезең оқушыларының сынып сағатына қатысу барысында білім алушылардың арасында болуы мүмкін буллингтің түрлері біреудің ар-намысына тию, қорқыту, смартфондар арқылы кибербуллингтен сақтау бойынша толық түсінік жасалды. Сонымен қатар ішкі тәртіп ережесін сақтай отырып себепсіз сабақтан қалмау керектігі айтылды. Зорлық-зомбылық жасау бойынша сыныпта, сыныптан тыс, кешкілік ойын алаңдарында әлімжеттік күш көрсетудің түбі жақсылыққа апармайтынын мысалдармен дәлелдеп түсінік жұмысы жүргізілді. Білім алушылардың өмір қауіпсіздігінің маңыздылдығы айтылып алдын алу шарасы нәтижелі болады деп сенеміз!
Сынып сағатына қатысқан оқушы саны: 233
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы #алдыналушаралары #құзырлыорганөкіліменсыныпсағаттарынөткізу