Skip to content

Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді.…

Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен, қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны белгілі. Сол себепті қазіргі таңда мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар, ақыл-кеңес беру мәселесіне аса назар аударғанымыз жөн.
9,11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Қандыағаш Өнеркәсіп-Экономикалық Колледжі ұстаздарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында колледж туралы толық мағлұмат беріп, жекелеме факультеттер бойынша мамандық таңдаудағы ұтымды жақтары басты назарға алынды.
Кездесу аясында оқушылар қызықтырған сұрақтарына жауап алып, келген ұстаздарға өз алғыстарын білдірді.
Ұйымдастырған: Мұхамбетжанова Н.М.
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *