РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕЛ РУХЫНЫҢ МЕРЕКЕСІ
Қазақ елінің тарихындағы ерекше күн, мемлекеттілігіміздің жаңа белесін айқындаған Республика күні! Бұл мереке – халқымыздың азаттыққа ұмтылған асқақ рухының, ел болуға деген бекем ерік-жігерінің символы.
Республика күні – елдік пен бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың мерекесі. Бұл күн бізді өткен тарихымызды қастерлеуге, бүгінгі тәуелсіздігіміздің қадірін түсінуге, болашағымыз үшін аянбай еңбек етуге шақырады.Әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, ел дамуына қосар өз үлесіне деген сенім болуы тиіс.
Тәуелсіз еліміздің көк байрағы көгімізде мәңгі желбіреп, бейбітшілік пен ынтымақ туы әрдайым жоғары болсын!
Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын! 🇰🇿
@oqu_agartu_ministrligi
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@k.bulbul78
@mugaljar_aydanynyn_akimdigi
@mugalzhar_bilim_bolimi
@mugalzhar_gazeti
@bahraman_quanyshuly
@danaibrasheva
#RepublicDay. #25Қазан және #Декларация35жыл және #25ҚазақстанАқтөбе, #декларация35жылақтөбе
