ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ💐
2024 жылдың 29 қаңтар күні «Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназиясы» КММ-да жалпы білім беретін пәндер бойынша мектептердің республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіндегі жүлдегерлер және республикалық ауыл олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Марапаттау рәсіміне Мұғалжар ауданының әкімі Ермағанбетов Дархан Жанысқанұлы, Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Аманжол Бахраман Қуанышұлы және Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Жумагул Токсанбаевна қатысты.
Салтанатты жиын барысында аудан әкімі Дархан Жанысқанұлы олимпиада жүлдегерлерін марапаттап, жетекшілеріне ақшалай сертификат табыстады. Мектеп мақтаныштарын, жетекшілерін құттықтай отырып, мектеп мәртебесін асқақтатып жүрген оқушыларымыздың жеңісі көп болсын деп тілейміз!! 💐
@mugalzhar_bilim_bolimi
