ОҚУШЫЛАР СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының жұмыс жоспарына сәйкес мектеп оқушылары аудан, облыс, ел намысын абыроймен қорғап жүрген ауданның танымал спортшыларымен және жаттықтырушылармен кездесті.
Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, оларға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген кездесуге дзюдо күресінен Ақтөбе облысының жасөспірімдер қыздар арасындағы аға жаттықтырушысы, дзюдо, самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, самбо күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Гүлмира Сағи, пауэрлифтингтен Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жарқын Абдуллина және дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ел чемпионы, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері Гүлнұр Баханова қатысты.
Кездесуде спортшылар спорттағы жетістіктері мен қызықты сәттері туралы айтып беріп, оқушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Спортшылар мектеп оқушыларын еңбек етуге, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Адам жетістігінің көбісі тек еңбекпен ғана келетінін айтты. Сонымен қатар, талмай ізденіп, еңбек еткен адам ғана арманын алақанында, мақсатын уысында ұстай алатынын жеткізді.
Жетекшілер: А. Ильясова, А. Әбентаева, Ә. Сағындық, А.Амангелді
