ОҚУШЫЛАР ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНЕ БАРДЫ
Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушылары және мектебіміздің “Жас сақшылар” класының оқушылары Мұғалжар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жұмысымен танысты.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған кездесуде өрт сөндіруші мамандар оқушыларға өрт сөндіру мамандығы бойынша кеңінен мәліметтер беріп өтті. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат беріп, нұсқау жүргізді. Төтенше жағдай болып жатқан жағдайда қай нөмірге хабарласып, алғашқы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Оқушылар өрт сөндіру автокөліктері тұрған өрт сөндіру бөлімінің көлікжайын қарап шықты. Мұғалжар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқушыларға көліктер туралы, олар не үшін және қалай жұмыс істейтіні туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кәсіптік бағдар беруші педагогі А. Әбентаева
