ОҚУШЫЛАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
“Мамандықтар әлемі” тақырыбы аясында Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Мұғалжар ауданы әкімдігінің жұмысымен танысты.
Мұндағы басты мақсат-мектеп оқушыларының азаматтық белсенділігін және жауапкершілігін, патриоттық құндылықтарын дамыту. Кездесу барысында, оқушылар мемлекеттік органдардың миссиясы, мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық міндеттері, жұмыстағы жетістіктерімен танысты. Бұл шараға барлығы 20 оқушы қатысып, мемлекеттік қызмет жайында көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды.
Бүгінгі мектеп оқушылары ертеңгі еліміздің білікті де, білімді жас маманы. Сондықтан олардың бүгіннен бастап мемлекеттік қызметкер жайында жан-жақты түсініктері болуы өте маңызды.
Кәсіби бағдар беруші педагог А. С Әбентаева
@mugaljar_aydanynyn_akimdigi
@mugalzhar_bilim_bolimi
@bahraman_quanyshuly
@danaibrasheva
