Облыстық шеберхана: әдебиет пен медия үндестігі
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Қандығаша қаласының №3 мектеп-гимназиясы» КММ –нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ізденімпаз әрі шығармашыл ұстаз Жанкешова Бақытгүл Андреевна өткізген «Әдебиет және медияның байланысы: оқушыны функционалды сауатты ету жолдары» атты облыстық шеберхана жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға облыс аудандарынан келген мұғалімдер қатысып, тың идеялар мен тәжірибе алды. Қатысушылар шеберхананы мазмұны мен маңыздылығы тұрғысынан жоғары бағалап, өз кәсіби дамуларына үлкен серпін алғандарын атап өтті.
Бақытгүл Андреевнаға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, тың жетістіктер мен жаңа биіктер тілейміз! Ізденіс пен шабыт жолындағы еңбегіңіз әрдайым жемісті болсын!
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@mugalzhar_bilim_bolimi
@bahraman_quanyshuly
@danaibrasheva


