"Назерке қыздар клубының" Бұрымды қыз” челленджі. Челлендждің басты мақсаты: қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Эстетикалық тәрбие беру. Шаштың қасиетін, қадірін түсіндіре отырып, замануи нақыштағы өріммен әдемі болып жүруге баулу. Бұрым — өрілген ұзын шаш. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында өрілген ұзын бұрым сұлулықтың сәні саналған. Оған шашбау тағып, айырықша күтімге алған. Бұрым жалғыз және қос өрім болады.”Қос бұрым – қыздың көркі” дейтін бабаларымыз қыз бойындағы бар сұлулықты бір бұрымға сыйдырған. Мұның мән-мағынасы тереңде жатыр. Өйткені халқымыз шаштың киесі бар деп сенген. Сондықтан қыз баланың шаш қою үлгісіне ерекше назар аударған.
#бұрымдықызчелленджі
#біртұтас_тәрбие
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@mugalzhar_bilim_bolimi
