Skip to content

🌸 Наурызнаманың алғашқы күні — 14 наурыз, Көрісу күні! 🌸…

🌸 Наурызнаманың алғашқы күні — 14 наурыз, Көрісу күні! 🌸

Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясында 14 наурыз — Амал мерекесі ерекше қуанышпен аталып өтті! 🎉

Бұл күні мектеп-гимназия басшысы Ибрашева Данагүл Дулатқызы бастаған ұстаздардан құралған әжелер ансамблі таңертеңгі аусымдағы оқушылар мен ұстаздарды шын жүректен құшақ жая қарсы алды. Әжелеріміздің әсем әуені мен Ақмалаева Светлана Аманжолқызының сүйемелдеуімен орындалған әндер мектепке ерекше жылулық пен мерекелік көңіл-күй сыйлады. 🎶💫

Ұлттық дәстүрімізді қадірлей отырып, амандық тілеп, оқушыларымыз бен ұстаздарымызға ұлттық дәмдер ұсынылды. Бұл дәстүрдің сақталуы мен жаңғыруы — біздің бірлігіміз бен ынтымағымыздың жарқын көрінісі!

Баршаңызға Наурыз мейрамы құтты болсын! 🏵️

@mugalzhar_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@orken_instituty
@birtutas_tarbie2024
@birtutas_tarbie_aqtobe

#Наурыз #АмалМерекесі #КөрісуКүні #ҰлттықДәстүр #Қандыағаш #МектепГимназия #Мереке #ҰстазЖеңісі #Наурыз2025

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *