Наурыз айына негізделген шараларға сәйкес, жоспар бойынша “ Ұлттық ойындар- ұлт нақышы” тақырыбында 5 “Б” сыныбы тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағат басы Әлібек Ақнұр “ Наурыз” мәнерлеп оқуымен бастады. Одан әрі сынып қыздарының биімен жалғасты. Тақырыпқа сәйкес ұлттық ойын түрлерін оқушы айтып, екінші оқушы ұлттық ойын түрін көрсетті. Балалар бұл тәрбие сағатта ұлттық ойын түрелерін біле отырып, ойын шарттарымен, ойналу ережелерін білді. Ұлттық ойынның денсаулыққа пайдалы жағы көп екенін түсінді. Тәрбие сағат соңында оқушылар әдемі әсем әуен “ Мерекелеріңізбен” әнін орындады. Және қорытынды сөзді мектеп тәрбие жөніндегі орынбасары алдағы уақытта ұлттық ойындарымызды ұмыт қалдырмауды ұсынды.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
#ұлттықойындарұлтқазынасы
