"Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясындағы мектепалды даярлық сынып, шағын орталық тәрбиешілерінің арасында "DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ" тақырыбында тамыз конференциясының панельдік секциялық отырысы Сағашилі ЖББОМ базасында өткізілді. Осы тамыз кеңесінде шағын орталық тәрбиешісі Саршолақова К.Т "Балаларға 3 д форматта сурет салудың жолдары" тақырыбында, Наурызбаева М.Б " Мектеп жасына дейінгі балаларға тиімді орта ұйымдастыру " тақырыбында, мектепалды даярлық тәрбиешісі Толекова Л.М " Балалардың танымдық,зерттеушілік қабілетін дамыту " тақырыбында өздерінің іс- тәжірибелерімен бөлісіп, Мұғалжар ауданының білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Марапатталған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!!
@mugalzhar_bilim_bolimi







