Мұғалжар ауданының «Аумақтық білім беру округі» аясында Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы ұйымдастыруымен «Тәжірибе алмасу – іскерлікті жетілдіру» атты аудандық әдістемелік дөңгелек үстел өтті.
📝 Дөңгелек үстел мақсаты: өзара әріптестік пікірлесу және іс-тәжірибелермен бөлісу.
Қатысушылар қатарында:
• Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Ғ.Мажитова
• №3 мектеп-гимназия директоры Д.Ибрашева
• Директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасарлары
• МДҰ әдіскерлері
• ҚББ ұйымының орынбасарлары
🎓 «Аумақтық білім беру округі» жобасы аясында өткізілген іс-шаралар «Ашық диалог» форматында талқыланды.
💡 Жобалармен таныстыру:
• Олимпиадалық резерв, «100 мұғалім – 1000 бала» жобалары
• «Бала тілі-бал», «Зерттеу», «Сахна сыры» жобалары
👨🏫 Информатика пәні мұғалімі Ә.Асау «Электронды күнтізбе» платформасымен жұмыс жасау тәсілімен таныстырды.
Бұл іс-шара білім саласындағы жаңа әдістер мен тәжірибелерді алмасуға, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болды.
#Мұғалжар #Қандыағаш #Білім #ӘдістемелікДөңгелекҮстел #ТәжірибеАлмасу #Педагогика #АшықДиалог #Мұғалімдер #БілімБерушілер #Жобалар #ЭлектрондыКүнтізбе #ОлимпиадалықРезерв #100Мұғалім1000Бала #МұғалжарБілім #ЖаңартылғанБілім #Әдіскерлер
