Skip to content

МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ БАХРАМАН ҚУАНЫШҰЛЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ…. 2023…

МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ БАХРАМАН ҚУАНЫШҰЛЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ….

2023 жылдың қыркүйектің 22 күні аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Қуанышұлы мектебімізге жұмыс сапарымен келді. Мектеп директоры Данагүл Дулатқызы мектептің күрделі жөндеуден кейінгі өзгерістерімен, мектеп ұжымының оқу тәрбие процесімен таныстырды.

Қандыағаш қаласының № 3 мектеп-гимназиясы"КММ 2023-2024 оқу жылында 1925 білім алуда. Биылғы жылы 1-4 класс оқушылары ыстық тамақпен қамтылды. Бекітілген екі апталық ас мәзірі бойынша барлығы 891 оқушы мектеп асханасынан тамақ ішеді. 1-4 класс оқушылары 873, оның ішінде аз қамтылған отбасынан 34 бала және 5-11 класс оқушылары ішінде 18 бала. Мектеп асханасының сыйымдылығы 150 орындық. 2023 жылы Қандыағаш қалалық №3 мектеп гимназиясында жазғы демалыс уақытында мектеп спорт залына құны 12 819 630 теңгені құрайтын ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Мектеп спорт залындағы душына ағымдық жөндеу жұмыстары жасалды, жалпы құны 483 555 теңге жұмсалды. Екінші қабаттағы қызметкерлер әжетханасына құны 3 050 000 теңге құрайтын жөндеу жұмыстары жасалды. Мектеп кіре берісіндегі баспалдығына жаңадан кафель төселініп, жөндеу жұмыстары жасалды .Жалпы құны 440 000 теңгені құрады. Жазғы демалыс кезінде мектепке әктеу, сырлау жұмыстарына жалпы 3 477 902 теңгені құрайтын шаруашылық заттары алдынды. Мектеп кабинеттеріне құны 2 537 094 теңгені құрайтын линолеум алынып төселінді.
2023 жылдың кыркүйек айында мектеп асханасына 500 данадан ыдыс- аяқтар алынды, жалпы құны 1 253 000 теңгені құрады.
2023 жылдың кыркүйек айының ортасында мектепке соңғы үлгідегі 7 моноблок алынды, жалпы құны 2 728 320 теңгені құрады. Сонымен қатар мектебімізге жаңа оқу жылында жалпы құны 5 849 998 теңгені құрайтын заманауи интерактивті панель алдынды.
Мектеп оқушылары толығымен оқулықпен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, "Қазақстан халқы" қорынан 250 000 000 тенге мектепке жиһаз, орг техникамен қамтылды. Химия, физика, информатика, биология, стем-кабинет, арт-студио, теле-студия, технология,шеберханалар заманауи кабинеттері жасақталды.
@mugalzhar_bilim_bolimi
@bahraman_quanyshuly
@danaibrasheva

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *