Мұғалжар аудандық білім бөлімінің 31 қаңтарыңдағы №235 санды шығыс хаты негізінде білім беру ұйымдарында синтетикалық есірткінің , нашақорлықтың алдын алу мақсатында 2024 жылдың 1 ақпан күні Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің қызметкері Қаленов Бақытбек, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аслан Асқарұлы және мектеп психологі Уразалина Мақпал қатысуымен "Нашақорлық – ғасыр дерті,есірткіге жол жоқ" тақырыбында 8-11 сынып ер балаларына
ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналысқа қатысушы оқушылармен жан-жақты мәселе талқыланып, оларға қоғамға кері әсер ететін зиянды әдеттер туралы толық мағлұматтар бере отырып, олардан бойын аулақтату, есірткінің зиянын түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
@mugalzhar_bilim_bolimi



