Мұғалжар аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 13-қазанда Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясында «Бастауыш сынып оқушыларының оқу құзыреттілігін дамыту арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында ауданның бастауыш сынып мұғалімдеріне семинар-практикум өтті. Семинар-практикумға аудан мектептерінен 35 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Семинар-практикум барысында мұғалімдер өз ойларымен бөлісіп, іс-тәжірибе алмасты. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Айтбаева қорытындылап, іс-тәжірибе көрсеткен педагогтерді аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хатымен марапаттады.
@mugalzhar_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@mugaljar_aydanynyn_akimdigi