МОНИТОРИНГ КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫ
2024 жылдың 4 қараша күні «Қандыағаш қаласының № 3 мектеп-гимназия» КММ -ң мониторинг комиссиясы:
1. Мектеп-гимназия директоры Д.Ибрашева
2. Директордың тәрбие ісінің орынбасарлары
Р. Отаралин, А. Болат
3. директордың оқу-ісі орынбасары Г. Жолдасова
4. Қамқоршылық кеңес мүшесі Г. Альжанова
5. Медбике Ұ. Наюпова
6. Әлеуметтік педагогтар Ж.Умирзакова мен Г. Дүйсенғали ІІ тоқсанда мектеп асханасында білім алушылардың ыстық тамақпен қамту жұмыстарының дайындығын тексерді.
Тексеру барысында асхананың жалпы санитарлық-гигиеналық жағдайы, тамақ дайындалу барысы, ас мәзірінің сәйкестігі, әр балаға тиесілі салмақ мөлшерде тамақтың салынуы, азық түліктің сақтау мерзімі , ыдыс жуу талаптарының орындалуы, тазалау жұмыстарының жүргізілуі қаралды. Тоңазытқыштардың температуралық режимі, тауар көршілестігі, асхана қызметкерлерінің арнайы киім формасының сақталуы, шкафтардың орналасуы қаралды.
@mugalzhar_bilim_bolimi



