Мен Киікбай Әсем,
Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясының 2024 жылғы түлегі “Алтын белгі” үміткерімін.
17.05.2024 күні оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев ұйымдастырған “Алтын белгі” үміткерлерімен кездесуге қатыстым. Кездесуде Ғани Бектайұлы 7 мыңнан астам мектеп бітірушілерге өзінің ыстық лебізін білдіріп, мектепте алған білімнің болашақта кәсіби табысқа жетудің мықты іргетасына айналарына деген сенімін білдірді. Сондай-ақ, барша үміткерлерді білім шыңына шабыттандырды. Оқу-ағарту министрінің бізге айтқан ақыл-кеңестері мен артқан сеніміне ризашылығымды білдіремін.

