Skip to content

🔹МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ДАРЫНДЫЛАРДЫ БАСҚАРУ 🔹Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы…

🔹МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ДАРЫНДЫЛАРДЫ БАСҚАРУ

🔹Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы
А.А.Шілманов Қандыағаш қалалық №3 мектеп гимназиясының 11 сынып оқушыларымен және осы мектептен түлеп ұшқан қазіргі таңда мемлекеттік грант негізінде оқуын аяқтап, мемлекеттік қызметке конкурссыз негізде тағайындалған жас маман Исмаилова Аружан Бауржанқызы кездесті.

Түлектерге мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамадағы:

📌Жастарды мемлекеттік органдарға тарту үшін мектеп және университет деңгейін қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институты құрылуы

📌Кадрларды даярлауға арналған мамандықтарды уәкілетті орган айқындай отырып жаңартатынын

📌Бағдарламаның түлектері мемлекеттік органдардағы бастапқы лауазымдарға конкурссыз орналаса алатынын

📌Қатысушыларға қолдау көрсету мен оларды бақылау үшін бағдарламаның барлық процестері мен деректері цифрландырылатын болатындығы туралы жаңашылдықтарды айта өтті.

🔹Бұдан арғы шаралар мемлекеттік қызметтің дарынды адамдар үшін тартымды болуына, патриотизмнің жоғары стандарттары мен ұлттың (қоғамның) мүддесіне адал қызмет ететін кадрларды ұстап қалуды және кәсібилендіруді қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

🔹Жиын соңында департамент басшысы 11сынып оқушыларына ұлттық бірыңғай тест сынағынан өте жақсы деңгейде тапсыруға ізгі тілегін білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *