Skip to content

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары заңсыз иемделген активтерді қайтару…

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары заңсыз иемделген активтерді қайтару есебінен елімізде әлеуметтік нысандар салуды жалғастыруда
 
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдарымен заңсыз иемделінген активтерді қайтару есебінен елімізде көптеген әлеуметтік нысандар салынып, пайдалануға берілуде.
 
Осының шеңберінде Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Сарысай және Шоқысу ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаториялардың ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Шалқар ауданының әкімі, аудан прокурорының орынбасары, мемлекеттік органдардың, қоғам өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.
 
Жаңа медициналық нысандар 50 келушіні қабылдауға арналған. Бұл ауыл тұрғындарына аудан орталығына бармай-ақ, жергілікті жерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуға мүмкіндік береді.
 
Дәрігерлік амбулаторияларда тұрғындарға көрсетілетін қызметтер, диагностикалық құрал-жабдықтар, білікті мамандардың жұмысы – барлығы да тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған.
 
Бұл жобаны іске асыру ауыл

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *